Дастан Сәтпаев «Норвичке» қарсы ойында «Бернли» сапындағы ең үздік футболшы атанды
«Бернлидің» қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің үшінші туры аясындағы «Норвич Ситиге» қарсы сырт алаңдағы кездесуде (1:4) толық 95 минут өнер көрсетті, деп хабарлайды ASnews.kz«Бернлидің» қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің үшінші туры аясындағы «Норвич Ситиге» қарсы…
«Бернлидің» қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің үшінші туры аясындағы «Норвич Ситиге» қарсы сырт алаңдағы кездесуде (1:4) толық 95 минут өнер көрсетті, деп хабарлайды ASnews.kz
«Бернлидің» қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің үшінші туры аясындағы «Норвич Ситиге» қарсы сырт алаңдағы кездесуде (1:4) толық 95 минут өнер көрсетті, деп хабарлайды ASnews.kz.
18 жастағы форвард тұрақты чемпионат аясында алғаш рет команданың бастапқы құрамына еніп, әсерлі жеке статистика көрсетті. Ойын барысында Сәтпаев қақпаға 3 соққы бағыттады, 28 пастың 21-ін дәл берді (75%), допқа 42 рет тиісті (оның 6-ауы қарсыластың айып алаңында) және 7 дриблинг әрекетінің 3-еуін табысты аяқтады. Көрсеткен ойыны үшін қазақстандық футболшы сарапшылардан 7.6 балл алды – бұл кездесуге қатысқан барлық футболшылар арасындағы үшінші және «Бернли» сапындағы ең жоғары көрсеткіш.
«Карроу Роуд» стадионындағы бәсеке «Бернли» үшін сәтсіз басталды: қонақтар 21-минутқа дейін-ақ үш жылдам гол жіберіп алды (2', 5', 21'). 27-минутта команда бір доппен жауап қайтарғанымен, 67-минутта «Норвич» матчтың түпкілікті есебін орнатты – 4:1.
«Норвич Ситиге» қарсы кездесу 18 жастағы форвард үшін ағылшындық клуб сапында бастан-аяқ ойнаған алғашқы ойын болды.
Сәтпаевтың Чемпионшиптегі дебюті екінші турда «Вест Бромвичке» қарсы өтті (1:3, 57-минутта қосалқы құрамнан шықты). Ал барлық турнирлер бойынша бастапқы құрамдағы алғашқы матчын қазақстандық футболшы 26 тамызда Лига Кубогының екінші раундында «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткізген еді (0:0, пенальти бойынша – 2:4).
Источник: asnews