Ғалымжан Кенжебек: Қазақстанға шақырып жатыр, бірақ Еуропадан нұсқалар бар

Қазақстан құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.22 жастағы футболшы бүгін, 2 шілдеде соңғы жарты жыл бойы өнер көрсеткен словакиялық «Кошицеден» ресми түрде…

Қазақстан құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

22 жастағы футболшы бүгін, 2 шілдеде соңғы жарты жыл бойы өнер көрсеткен словакиялық «Кошицеден» ресми түрде кетті.

«Мансабымды қай жерде жалғастыратынымды әзірге білмеймін. Қазақстанда да, Еуропада да нұсқалар бар. Оны жақын арада білетін боласыздар», - деді Кенжебек.

Ғалымжан «Кошицеге» дейін Кипр чемпионатында өнер көрсетті. Ал Қазақстанда «Қайрат», «Мақтаарал» мен «Жеңістің» намысын қорғаған.

Источник: asnews

Читайте также