«Левантеде» ойнап жүрген Сәтпаевтың досы: Дастан «Челсиге» ауысты, енді менің кезегім
Қазір «Леванте» академиясында доп теуіп жүрген 16 жастағы Шыңғыс Қалиев BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысуы туралы ойымен бөлісіп, онымен арадағы достығы туралы айтып берді.– Сәтпаевтың «Челсиге» ауысқанын алғашқылардың бірі болып білген боларсыз. Бұл…
Қазір «Леванте» академиясында доп теуіп жүрген 16 жастағы Шыңғыс Қалиев BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысуы туралы ойымен бөлісіп, онымен арадағы достығы туралы айтып берді.
– Сәтпаевтың «Челсиге» ауысқанын алғашқылардың бірі болып білген боларсыз. Бұл ақпаратты қалай қабылдадыңыз?
– Мен оның «Челсиге» ауысатынын естігенде қатты есеңгіреп қалдым. Не деп айтарымды да білмедім. Дастан бұл жаңалықты менімен бөлісіп: «Ешкімге айтпа – мұны сен ғана білесің» дегенде, қатты таң қалдым. Бұл да маған мотивация берді, өйткені біз үнемі бірге жаттығатынбыз. Бір-бірімізге: «Екеуміз де жетістікке жетеміз» дедік. Мұны ол бірінші болып жасады, енді менің кезегім.
– Онымен достығың туралы айтып беріңізші.
– Ол кезде біз жаттығу алдында және кейін де бірге жаттығатынбыз. Тәртіптке жастайымыздан көңіл бөлдік. Кәсіби футболшылардың қалай өмір сүретінін, қалай тамақтанатынын, қандай жаттығулармен айналысатынын білу үшін YouTube пен Instagram-нан арнайы бейнероликтерді бірге көрген кездеріміз болды. Мен командаға алғаш келгенімде Сәтпаев ең үздік әрі нәтижелі футболшы болды. Мен «Қайратта» Дастанмен көбірек араластым.
Біз жақын достармыз. Қазақстанға демалысқа қайтқанда, біз үнемі кездесеміз немесе телефонмен сөйлесеміз.
Источник: asnews
Читайте также
Футбол
Сәтпаевқа қараңдар: «Бернли» бапкері ойыншылардан қазақстандық шабуылшыдан үлгі алуды талап етті
2 часа назад
Футбол
Урок от Сатпаева: тренер «Бернли» потребовал от игроков равняться на казахстанского форварда
2 часа назад
Футбол
«Играть в Европе – моя мечта»: Игрок «Ордабасы» Жасулан Амир ответил на трансферные слухи и рассказал об изучении английского
2 часа назад
Футбол
«Ордабасы» ойыншысы Жасұлан Әмір ағылшын тілін үйреніп жүргенін айтты және трансферлік сыбыстарға жауап берді
2 часа назад
Футбол
«Сәтпаев жоғары деңгейге дайын»: «Бернли» бапкері – Дастанның физикалық бабы мен позициясы туралы
2 часа назад