ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Украиналық жартылай қорғаушы Юрий Вакулько шымкенттік «Ордабасы» сапынан кетеді, деп хабарлайды ASnews.kz

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады
Юрий Вакулько

Украиналық жартылай қорғаушы Юрий Вакулько шымкенттік «Ордабасы» сапынан кетеді, деп хабарлайды ASnews.kz.

29 жастағы футболшының келісімшарт мерзімі аяқталды, ал клуб басшылығы бұл келісімді ұзартуды жоспарлап отырған жоқ.

Биылғы маусымда Вакулько барлық турнирлерде 27 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді. Еске сала кетейік, шымкенттік ұжым сапында украиналық хавбек Қазақстан премьер-лигасының чемпионы және ел Кубогының иегері атанған болатын.

Вакулько «Ордабасы» сапына 2025 жылы қосылған болатын және сол кезден бері 44 матчқа қатысты.

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз