ҚПЛ-да ойнаған словениялық футболшы: «Қайрат» өзіне сенуі қажет

«Атыраудың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Якоб Новак BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен словениялық «Олимпия» арасындағы матч жайлы пікірімен бөлісті.«Әрине, «Қайраттың» мүмкіндігі бар – оларда мықты және үйлесімді команда бар, биыл да…

«Атыраудың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Якоб Новак BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен словениялық «Олимпия» арасындағы матч жайлы пікірімен бөлісті.

«Әрине, «Қайраттың» мүмкіндігі бар – оларда мықты және үйлесімді команда бар, биыл да, былтыр да сенімді ойнады. «Олимпия» да мықты қарсылас, бірақ оларда өзгерістер көп болды: жаңа ойыншылар, жаңа бапкер, сондықтан ойын мәнерінің де өзгеретіні анық. «Қайрат» үшін ең бастысы – өз күшіне сену және қарсыласын төмен бағаламау», – деді Новак.

«Атыраудың» экс-ойыншысы екі команданың деңгейі бірдей болған кезде барлығын өз күшіне деген көзқарас пен сенімділік шешетінін баса айтты. Алматылықтар үшін концентрацияны сақтап, қарсылас командадағы өзгерістерге мұқият қарау маңызды.

Командалардың алғашқы кездесуі 8 шілдеде Люблянада, ал қарымта ойын 15 шілдеде Алматыда өтеді.

Источник: asnews

Читайте также