УЕФА қазақстандық футболшының шебер ойынына тәнті болды (видео)
УЕФА Конференция лигасының баспасөз қызметі италиялық «Аталантаға» қарсы сырт алаңдағы ойында алматылық «Қайраттың» қазақстандық қақпашысы Темірлан Анарбековтың шебер сейвін ерекше атап өтті

УЕФА Конференция лигасының баспасөз қызметі италиялық «Аталантаға» қарсы сырт алаңдағы ойында алматылық «Қайраттың» қазақстандық қақпашысы Темірлан Анарбековтың шебер сейвін ерекше атап өтті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Турнирдің ресми аккаунттарында Анарбековтың бергамолықтардың жартылай қорғаушысы Джонатан Роудың қауіпті соққысынан кейін қақпаның «тоғыздығына» бағытталған допты шұғыл секіріп қайтарған сәтінің видеосы жарияланды.
«Темірлан Анарбековтан керемет сейв!» – делінген УЕФА жариялаған бейнероликтің сипаттамасында.
Айта кетейік, Конференция лигасының жалпы кезеңінің үшінші турындағы кездесу 5 қарашада Бергамода өтіп, 1:1 есебімен сенсациялық тең нәтижемен аяқталған еді. «Қайрат» 53-минутта Марк Гуальдің дәл соққысының арқасында есепте алға шыққанымен, 82-минутта алаң иелері Никола Крстовичтің соққысынан кейін таразы басын теңестіріп кетті. Алматылық клуб еурокубоктегі келесі матчын 26 қарашада өз алаңында швециялық «Мьельбюге» қарсы өткізеді.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Италиялық комментатор «Аталантаның» «Қайратқа» қарсы ойындағы сәтсіздігінің себебін атады

Мата – «Аталантаға» қарсы ойын нәтижесі туралы: Еуропада да бізбен санасады

Екеуі де алғашқы бестікте: Покатилов пен Анарбеков – еурокубоктегі үздік қақпашылардың қатарында

«Болмайтын гол жіберіп алдық»: Тапалов – «Аталантамен» өткен тең ойын туралы
