Андрей Карпович пен Федор Симиниди «Ақтөбеге» баруды қарастырып отыр
Семейлік «Елімайдың» бұрынғы бас бапкері Андрей Карпович пен клубтың экс-атқарушы директоры Федор Симиниди жұмысын «Ақтөбеде» жалғастыруға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды ASnews.kz

Семейлік «Елімайдың» бұрынғы бас бапкері Андрей Карпович пен клубтың экс-атқарушы директоры Федор Симиниди жұмысын «Ақтөбеде» жалғастыруға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды ASnews.kz.
Екеуі де ҚПЛ-2026 маусымының аяқталуына бір тур қалғанда «Елімайдан» кеткен болатын. 45 жастағы Карпович 2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың қарашасына дейін «ақ-қызылдарды» жаттықтырған еді. Оның жетекшілігімен «Ақтөбе» 53 матч өткізіп, бір ойында орташа есеппен 1,85 ұпай жинаған.
Мамандардың «Ақтөбеге» қызығушылық танытқанына қарамастан, қазіргі уақытта олардың бұл клубқа тағайындалу ықтималдығы төмен деп бағалануда.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымының қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 49 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орын алды. «Ақ-қызылдардың» қазіргі бапкері Игорь Черевченко қызметінен кетуі мүмкін. Маманға тізе буынын ауыстыратын ота жасалады.
Ал семейлік «Елімай» 45 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасты. Шымкенттік «Ордабасы» тарихта екінші рет Қазақстан чемпионы атанды (68 ұпай).
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
