АПЛ-дың бұрынғы бапкері: «Ақтөбе» келісімшарт міндеттемелерін орындамай отыр
«Ақтөбе» футбол клубы кепілдік хат бергеніне қарамастан, «Ливерпульдің» бұрынғы бапкері Томас Гроннемарктың атқарған жұмысы үшін ақы төлеген жоқ, деп хабарлайды ASnews.kz

«Ақтөбе» футбол клубы кепілдік хат бергеніне қарамастан, «Ливерпульдің» бұрынғы бапкері Томас Гроннемарктың атқарған жұмысы үшін ақы төлеген жоқ, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстан премьер-лигасының клубы ақпан айында Түркияда өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде даниялық маман көрсеткен қызметтің ақысын осы уақытқа дейін аудармаған. ASnews.kz басылымының бұған дейінгі материалынан кейін «ақ-қызылдар» маманға 2026 жылдың 15 тамызына дейін есептесуге уәде беріп, кепілдік хат жіберген болатын. Дегенмен, клуб бұл тармақты орындамай, маманмен байланысқа шығуды тоқтатты. Дереккөз мәліметінше, мәселе бес мың доллар қарыз туралы болып отыр.
Томас Гроннемарк – «Ливерпуль» мен «Арсеналдағы» жұмысымен танымал ауттан доп лақтыру жөніндегі маман. Қыста ол «Ақтөбе» клубының оқу-жаттығу жиынында бір аптадан астам уақыт бойы жаттығу үрдісін ұйымдастырған болатын.
«Ақтөбенің» экс-капитаны «Қайратқа» ескерту жасады: «Рига» – мықты команда
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
