«Ақтөбе» жұлдызы Алжирге қарсы ойын туралы: ҚПЛ-дан кейін деңгейлердің айырмашылығын байқамадым
«Ақтөбе» мен Нигер құрамасының шабуылшысы Даниэль Соса ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Алжирге қарсы жолдастық матчтың (1:2) қорытындысын шығарды

«Ақтөбе» мен Нигер құрамасының шабуылшысы Даниэль Соса ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Алжирге қарсы жолдастық матчтың (1:2) қорытындысын шығарды.
«Мен алаңда небәрі 45 минут қана ойнадым, өйткені жаңа бапкер құрамдағы мүмкіндігінше көп футболшыны байқап көргісі келді. Еуропаның топ-клубтарының ойыншыларына қарсы ойнау қалай екен дейсіз бе? Бәрі қалыпты – ҚПЛ-дан кейін айтарлықтай үлкен айырмашылықты сезінбедім. Соңғы бес жылда мен ұлттық құрама деңгейінде мұндай ойыншылармен жиі кездесіп жүрмін», – деп атап өтті 28 жастағы вингер.
Еске сала кетейік, Алжир құрамасы бірінші таймнан кейін есепте ұтылып жатқанына қарамастан, Нигерге қарсы ойында жігерлі жеңіске қол жеткізді. Олардың сапында Рами Бенсебаини («Боруссия»), Жауен Аджам («Брайтон») және Ибрахим Маза («Байер 04») секілді танымал футболшылар алаңға шықты.
Бұған дейін «ақ-қызылдардың» шабуылшысы Даниэль Соса Африка ұлттары кубогының іріктеу кезеңі аясында Лесото қақпасын дәл көздеген болатын (2:1). Оның еншісінде ҚПЛ-дың 17 матчында соғылған жеті гол мен екі нәтижелі пас бар.
Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
