Белгілі медиаменеджер Аманбаев қазақстандық клубты басқаруы мүмкін
Белгілі медиаменеджер әрі журналист Эльдар Аманбаев отандық футбол ұжымдарының бірінде басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz

Белгілі медиаменеджер әрі журналист Эльдар Аманбаев отандық футбол ұжымдарының бірінде басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, оған екі бірдей клубтан нақты ұсыныс түскен. Олардың бірі еліміздің теріскейінен болса, екіншісі оңтүстік өңірдің намысын қорғайтын ұжым.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Аманбаев бірқатар коммерциялық телевизиялық жобалармен айналысып жатыр. Функционер өзінің мансабына қатысты түпкілікті шешімді биылғы маусым аяқталғаннан кейін қабылдайды.
Ол бұған дейін Qazsport телеарнасы мен бірқатар спорттық БАҚ-тағы жұмысы арқылы жанкүйерлерге жақсы таныс.
«Артқы датамен жұмыстан шығарып жіберді»: журналист «Тобылдағы» даудың шындығын айтты
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
