«Бизнеске көңіл бөлуді жөн көрдім»: Пазылқайыр «Қызылжарға» тағайындалуы туралы айтты
Қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы директоры әрі ҚФФ экс-функционері Бақытжан Пазылқайыр ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қызылжарды» басқару мүмкіндігінен бас тартқанын хабарлады

Қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы директоры әрі ҚФФ экс-функционері Бақытжан Пазылқайыр ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қызылжарды» басқару мүмкіндігінен бас тартқанын хабарлады.
«Қызылжардан» ұсыныс болғаны жасырын емес, бірақ мен жеке кәсіптегі жұмысыма көңіл бөлуді жөн көрдім», – деді функционер.
Бұған дейін «Қызылжардың» қазіргі басшысы Әлішер Апсалямовтың өз қызметінен кететіні хабарланған болатын. Бос орынға үміткерлердің шорт-листінде Дидар Сыдықбек пен Елдар Аманбаевтың да есімдері аталған еді.
Айта кетейік, Бақытжан Пазылқайыр таяуда «Қайсардан» ресми түрде кеткен болатын. Ал «Қызылжар» ҚПЛ-2026 маусымының аяқталуына бір тур қалғанда бірінші лигаға түсіп қалу қаупінен аман қалып, 30 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
