«Елімай» шабуылшысы клубын ауыстыруы мүмкін

Семейлік «Елімайдың» шабуылшысы Иван Свиридов осы маусым аяқталған соң командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz

«Елімай» шабуылшысы клубын ауыстыруы мүмкін
Иван Свиридов

Семейлік «Елімайдың» шабуылшысы Иван Свиридов осы маусым аяқталған соң командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.

ҚПЛ-2026 маусымы мәресіне жеткеннен кейін семейліктер сапынан бірқатар футболшы кетеді деп күтілуде. Бұған дейін клуб бас бапкер Андрей Карповичпен қоштасқанын, сондай-ақ атқарушы директор Федор Симинидидің қызметінен кеткенін ресми түрде жариялаған болатын.

Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымында 24 жастағы шабуылшы 25 матч өткізіп, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Свиридовтың еншісінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізген бес кездесу бар. Соңғы рет ол ұлттық құрама жейдесін осы жылдың наурыз айында Намибияға қарсы өткен матчта (2:0) киген еді.

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз