Йонсен қара үзіп кетті: ҚПЛ-дың 28-турынан кейінгі үздік сұрмергендер тізімі

Қазақстан премьер-лигасының 28-турынан кейін шымкенттік «Ордабасының» норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен сұрмергендер көшін сенімді түрде бастап келеді, деп хабарлайды ASnews.kz

Йонсен қара үзіп кетті: ҚПЛ-дың 28-турынан кейінгі үздік сұрмергендер тізімі
Бьорн Йонсен

Қазақстан премьер-лигасының 28-турынан кейін шымкенттік «Ордабасының» норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен сұрмергендер көшін сенімді түрде бастап келеді, деп хабарлайды ASnews.kz.

Өткен демалыста «Қайсарға» қарсы сырт алаңдағы ойында (1:4) хет-трик авторы атанған 34 жастағы форвард өз активіндегі голдар санын 14-ке жеткізді. Айта кетерлігі, Йонсен қатарынан екінші матчта үш голдан соғып отыр. Ол биылғы маусымда небәрі 15 ойын өткізіп, тамаша нәтижелілік көрсетуде.

ҚПЛ-2026 маусымының үздік сұрмергендері (28-турдан кейін):

  • Бьорн Йонсен («Ордабасы») – 14

  • Урош Милованович («Тобыл») – 11

  • Марин Томасов («Астана») – 10

  • Роман Мұртазаев («Елімай») – 10

  • Оралхан Өміртаев – 9

  • Эдмилсон («Қайрат») – 9

  • Артур Шушеначев («Ақтөбе») – 9

  • Фесу Плакка («Елімай») – 9

  • Жасұлан Әмір («Ордабасы») – 8

  • Марк Гуаль («Қайрат») – 8

Еске салайық, чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда «Ордабасы» турнирлік кестені бастап тұр және екінші орындағы алматылық «Қайраттан» төрт ұпайға алда келеді.

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз