«Ордабасы» сербиялық қорғаушыны алмастыратын футболшы іздеуде: толығырақ
Шымкенттік «Ордабасы» сол қапталдағы қорғаушы позициясына жаңа ойыншыны белсенді түрде іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz

Шымкенттік «Ордабасы» сол қапталдағы қорғаушы позициясына жаңа ойыншы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Клуб бірқатар футболшылардың кандидатурасын қарастыруда, олардың қатарында қазақстандықтар да, шетелдік легионерлер де бар. Жаңа ойыншы қорғаныс қапталында Никола Античтің орнын басуы тиіс.
Биылғы маусымда 32 жастағы сербиялық қорғаушы шымкенттіктер сапында 29 матч өткізіп, бір гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. Клуб оны алмастыратын футболшы іздеп жатқанына қарамастан, тәжірибелі балқандық ойыншы «Ордабасыда» қалуы әбден мүмкін.
Бұған дейін шымкенттік клуб ҚПЛ-дағы үздік сол қаптал қорғаушыларының бірі Владислав Васильевті өз қатарына қосуға тырысқан еді. Алайда футболшы бұл ұсыныстан бас тартып, «Оқжетпесте» қалуды жөн көрді.
«Чемпиондыққа үміт үзілмейді»: Марк Гуаль «Жетісуға» соққан голы мен Конференциялар лигасы туралы
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
