«Қайсар» мен Қазақстан құрамасының вингері түркиялық клубқа ауысуға жақын
Қызылордалық «Қайсар» мен Қазақстан жастар құрамасының вингері Нұрали Жақсылық мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz

Қызылордалық «Қайсар» мен Қазақстан жастар құрамасының вингері Нұрали Жақсылық мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
21 жастағы футболшыға Түркияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Кайсериспор» клубы нақты қызығушылық танытып отыр. Үміткерлер қатарында воронеждік «Факел» де бар, алайда түркиялық клуб барынша белсенді әрекет етуде.
Ойыншының құқығы елордалық «Астанаға» тиесілі, клубпен келісімшарт осы жылдың соңында аяқталады. Жақсылық шілде айынан бастап «Қайсар» сапында жалға алу негізінде өнер көрсетіп, тоғыз матчта үш гол соқты. Футболшының қазіргі нарықтық құны 200 мың еуроға бағаланады.
Айта кетейік, қаңтар айының соңында вингер грузиялық «Колхети-1913» клубында қаралымда болған, алайда жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты келісімшартқа отырмады.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
