Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчы аясында Кишиневке жетті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы сырт алаңдағы матчқа қатысу үшін Молдоваға аман-есен ұшып келді, деп хабарлайды ASnews.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы сырт алаңдағы матчқа қатысу үшін Молдоваға аман-есен ұшып келді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Түркістан – Кишинев бағыты бойынша қатынаған Air Astana әуекомпаниясының чартерлік рейсі Молдова астанасына жергілікті уақытпен сағат 19:43-те қонды. Команданың жолдағы уақыты бес жарым сағаттан асты. Еске сала кетейік, ойын 13 қараша күні өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Бүгінгі таңда C3 тобында 10 ұпай жинаған Словакия құрамасы көш бастап тұр. Молдова мен Фарер аралдары командалары еншілерінде төрт ұпайдан жинап, екінші және үшінші орындарды бөлісіп тұр. Ал Қазақстан құрамасы екі ұпаймен топтың турнирлік кестесін қорытындылауда. Аталмыш турнирдің биылғы маусымындағы соңғы матчын Джон ван 'т Схип шәкірттері 16 қараша күні Астанада топ көшбасшысы Словакияға қарсы өткізеді.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа аттану жоспары белгілі болды

«Жеңіске жетеміз»: Молдова құрамасында Қазақстанға қарсы матчтағы мақсат айтылды

«Ахмат» шабуылшылары Самородов пен Кенжебек Қазақстан құрамасының жиынына келді
