«Жеңіске жетеміз»: Молдова құрамасында Қазақстанға қарсы матчтағы мақсат айтылды
Молдова ұлттық құрамасының ойыншылары Владимир Фратя мен Стефан Негру Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өтетін кездесуден не күтетіндерімен бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz Moldfootball.com сайтына сілтеме жасап.

Молдова ұлттық құрамасының ойыншылары Владимир Фратя мен Стефан Негру Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өтетін кездесуден не күтетіндерімен бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz Moldfootball.com сайтына сілтеме жасап.
13 қарашада молдовалықтар Кишиневте қазақстандықтарды қабылдаса, 16 қарашада сырт алаңда Фарер аралдарымен өнер көрсетеді.
Молдова құрамасының шабуылшысы Владимир Фратя финалдық кезеңдегі команданың турнирлік мақсатын айқын атап өтті:
«Ең бастысы – осы матчта жеңіске жетуге деген батылдық пен құлшыныс таныту. Біз екінші орынды иеленіп, өтпелі матчтарда ойнағымыз келеді», – деп атап өтті футболшы.
Оның сөзін ұжымның күшіне сенім білдірген қорғаушы Стефан Негру де қостады:
«Бізде мықты команда бар. Жеңіске жетеміз деп үміттенемін».
Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы айналымында Молдова құрамасы Астанада Қазақстанды 2:1 есебімен ұтқан болатын.
Молдова – Қазақстан арасындағы қарым-матч 13 қараша күні Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты – Қазақстан уақытымен 22:00-де.
Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасы екі ұпай жинап, өз тобында 4-орында тұр.
Еске сала кетейік, таяуда құрама сапына «Ахматтан» Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов келіп қосылған болатын.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчы аясында Кишиневке жетті

«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа аттану жоспары белгілі болды

«Ахмат» шабуылшылары Самородов пен Кенжебек Қазақстан құрамасының жиынына келді
