Қазақстан құрамасының бас бапкері «Қайрат»—«Тобыл» матчын тамашалайды
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Алматыға келіп, Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясындағы «Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы кездесуді тамашалайды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Алматыға келіп, Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясындағы «Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы кездесуді тамашалайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Нидерланд маманы ассистенті Елдос Ахметовпен бірге ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енген футболшылардың ойынын бақылайды. Бапкерлер штабы Ұлттар лигасы қарсаңында кандидаттардың формасын бағалауды көздеп отыр.
12 қыркүйек күні Ван ’т Схип пен Елдос Ахметов Шымкентте өткен турдың орталық кездесуіне де қатысты. Бұл ойында «Ордабасы» елордалық «Астананы» 1:0 есебімен жеңді.
Жаңа бапкердің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы (С дивизионы) жорығын бастайды. Қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында команда төрт ресми кездесу өткізеді.
Турнирдегі алғашқы матч 26 қыркүйекте Торсхавнда Фарер аралдарына қарсы өтеді.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
