«Қазақстанда пиарға көп ақша жұмсалады»: шетелдік ойыншы ҚПЛ мен Латвия чемпионатын салыстырды
Петропавлдық «Қызылжар» мен Латвия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Владислав Сорокин ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында екі елдің футбол чемпионаттары арасындағы басты айырмашылықтар туралы пікірімен бөлісті

Петропавлдық «Қызылжар» мен Латвия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Владислав Сорокин ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында екі елдің футбол чемпионаттары арасындағы басты айырмашылықтар туралы пікірімен бөлісті.
«Егер чемпионаттарды шынайы салыстыратын болсақ, қазақстандық футболдың мүмкіндіктері көбірек. Бірақ көп қаражат футболды дамытуға емес, пиарға жұмсалады. Алаңдар тұрғысынан келсек: Латвияда чемпионаттағы 10 команданың тоғызы уақыттың басым бөлігінде табиғи төсеніште ойнайды. Ал трибуналарға келер болсақ, бізде жағдай өте өкінішті», – деді Сорокин.
Айта кетейік, мансабының басым бөлігін Сорокин өз елінде өткізіп, «Сконто», «Елгава» және РФШ сияқты клубтардың намысын қорғады. 2024 жылдың басында оң қанат қорғаушысы Қазақстан премьер-лигасына ауысып, петропавлдық «Қызылжар» сапында бір маусым ойнады (24 матч, бір нәтижелі пас). 2025 жылдың қаңтарынан бастап футболшы еркін агент құқығында ауысқан латвиялық «Лиепая» клубының намысын қорғап жүр. Сондай-ақ, оның еншісінде Латвия ұлттық құрамасы сапында өткізген 10 ойын бар.
«Рига» плей-оффқа таласады»: Латвия құрамасының экс-ойыншысы «Қайраттың» КЛ-дағы қарсыласы туралы
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
