ҚФФ-ның бұрынғы функционері «Қызылжарды» басқарғысы келеді
Қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы директоры әрі Қазақстан футбол федерациясының экс-функционері Бақытжан Пазылхайыр «Қызылжардың» басшысы лауазымына үміткер ретінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz

Қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы директоры әрі Қазақстан футбол федерациясының экс-функционері Бақытжан Пазылхайыр «Қызылжардың» басшысы лауазымына үміткер ретінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұған дейін теріскейліктердің қазіргі басшысы Әлішер Апсалямовтың өз қызметінен кететіні белгілі болған еді. Бос орынға бірден бірнеше кандидат қарастырылуда. Клубтың шорт-листінде Пазылхайырдан бөлек, Дидар Сыдықбек пен Елдар Аманбаевтың есімдері бар.
Бақытжан Пазылхайырдың өзі осыдан бірнеше күн бұрын «Қайсардың» директоры қызметінен кеткен болатын.
ҚПЛ-2026 чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда «Қызылжар» 30 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр. Команда бірінші лигаға түсіп қалу қаупінен толықтай аман қалды.
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
