ҚПЛ-дың даулы матчында қателік жіберген төрешілер қызметінен шеттетілді: толығырақ

ҚФФ төрелік ету және қадағалау департаменті премьер-лига арбитрлері Денис Тевяшов пен Марат Ысқақовты қызметінен белгісіз мерзімге шеттетті, деп хабарлайды ASnews.kz

ҚПЛ-дың даулы матчында қателік жіберген төрешілер қызметінен шеттетілді: толығырақ

ҚФФ төрелік ету және қадағалау департаменті премьер-лига арбитрлері Денис Тевяшов пен Марат Ысқақовты қызметінен белгісіз мерзімге шеттетті, деп хабарлайды ASnews.kz.

Департамент басшысы Нуну Каштру бұл төрешілердің ҚПЛ-дің 24-туры аясындағы «Қайсар»—«Оқжетпес» матчында қателіктер жібергенін ресми түрде мойындады. Олардың шешімдері ойынның қорытынды есебіне тікелей әсер еткен. Қызылордада 31 тамызда өткен кездесу 3:2 есебімен көкшетаулық клубтың жеңісімен аяқталды.

Қазақстан футбол федерациясы сонымен қатар «Қайсар» клубының басшылығына чемпионаттың алдыңғы ойындарына қатысты бірқатар сұрақтар туындағанын мәлімдеді.

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз