ҚПЛ клубтары «Ториноның» бұрынғы шабуылшысына таласуда
Беларустік «Минск» клубының орталық шабуылшысы Матар Дьейе мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz

Беларустік «Минск» клубының орталық шабуылшысы Матар Дьейе мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
28 жастағы сенегалдық шабуылшы ҚПЛ-дың бірнеше командасының назарын аударды. Беларусь жоғары лигасының 25-туры аясында «Ислочьке» қарсы өткен ойында (2:4) дубль авторы атанғаннан кейін, футболшының өкілдеріне тиісті ұсыныстар түскен. Оның болашағына қатысты шешім келесі айда қабылданады деп күтілуде.
Айта кетейік, Матар Дьейе «Минск» сапына биылғы жылдың мамыр айында қосылған болатын. Бұған дейін ол италиялық «Торино», мажарстандық «Дебрецен» және финляндиялық КуПС клубтарында өнер көрсеткен. Биылғы маусымда ойыншы барлық турнирлерде 17 матч өткізіп, алты гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
«Тобылдың» жұлдызды легионері «Қайратқа» ауысуы мүмкін: толығырақ
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
