«Қызылжар» Қазақстан құрамасына үміткер ойыншымен келіссөз жүргізіп жатыр
Петропавлдық «Қызылжар» «Елімайдың» 23 жастағы орталық қорғаушысы Әділбек Жұмахановты қатарына қосуға қызығушылық танытып отыр. ASnews.kz ақпараты бойынша, тараптар ықтимал трансфер туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Петропавлдық «Қызылжар» «Елімайдың» 23 жастағы орталық қорғаушысы Әділбек Жұмахановқа қызығушылық танытып отыр. ASnews.kz ақпараты бойынша, тараптар ықтимал трансфер туралы келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұл ауысымның басты себепшісі — петропавлдықтардың бас бапкері Виталий Жуковский. Маман футболшымен бірге «Атырауда» жұмыс жасаған.
Биылғы маусымда Жұмаханов «Елімай» сапында 15 матч өткізіп, екі голмен көзге түсті. Жарақатына байланысты қорғаушының алаңдағы ойын уақыты шектеулі болды.
Әділбектің еншісінде Қазақстан ұлттық құрамасында өткізген үш матч бар. Ол елдің бас командасында 2024 жылы Аустрияға қарсы үйдегі ойында (0:2) дебют жасады және әлі де құрамаға үміткерлер қатарында.
Қазіргі уақытта ойыншының трансферлік құны 600 мың еуроға бағаланып отыр. Еске салайық, 2025 жылдың басында семейлік клуб Жұмахановты «Атыраудан» 170 мың еуроға сатып алған болатын. Бұған дейін қорғаушы қызылордалық «Қайсар» сапында да жалға алу құқығымен өнер көрсеткен.
Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы ҚПЛ-дың бірнеше клубын қызықтырды
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
