РПЛ топ-клубымен жолдастық кездесу: «Тобылдың» ОЖЖ-ға жоспары белгілі болды
Қостанайлық «Тобылдың» 2027 жылғы маусым қарсаңындағы оқу-жаттығу жиындарын (ОЖЖ) өткізу тәртібі анықталды, деп хабарлайды ASnews.kz

Қостанайлық «Тобылдың» 2027 жылғы маусым қарсаңындағы оқу-жаттығу жиындарын (ОЖЖ) өткізу тәртібі анықталды, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Тобылдың» алғашқы жиыны 1-10 желтоқсан аралығында Қостанайда өтеді. Онда бапкерлер штабы жас футболшылардың дайындығын қадағалап, бақылауға алады деп күтілуде. ОЖЖ-ның екінші бөлігінде Мирослав Ромащенконың командасы Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанады.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жолдастық кездесулер аясында «Тобыл» бірқатар танымал клубтармен күш сынасады. Олардың бірі – Ресей премьер-лигасының (РПЛ) турнир кестесінде төртінші орында тұрған «Краснодар». «Бұқалардың» құрамы 105,7 млн еуроға бағаланып отыр.
Айта кетейік, соңғы жылдары «сары-жасылдардың» жиын өткізетін дәстүрлі орны Түркия болып келген еді.
Еске салайық, қыркүйек айында қостанайлық клуб Olzha Agro агрохолдингінің басқаруына өткен болатын. Команда жұмысына компанияның бас директоры Әлішер Қожаназаров пен президенті Айдос Дүйсенбиев жетекшілік етеді. Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Тобыл» 41 ұпай жинап, чемпионатты жетінші орынмен аяқтады.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
