Румыниялық маман «Елімайдың» бас бапкері атануы мүмкін

Андрей Карповичпен ынтымақтастықты жақында аяқтаған семейлік «Елімай» шетелдік маманды шақыру нұсқасын қарастырып жатыр.

Румыниялық маман «Елімайдың» бас бапкері атануы мүмкін
Константин Гылкэ

Андрей Карповичпен ынтымақтастықты жақында аяқтаған семейлік «Елімай» шетелдік маманды шақыру нұсқасын қарастырып жатыр.

Клубтың бас бапкері лауазымына басты үміткерлердің бірі – румыниялық маман Константин Гылкэ, деп хабарлайды ASnews.kz «Серый CARDINAL» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Румыниялық бапкер еуропалық чемпионаттардағы жұмысымен танымал – ол Ла Лигада испандық «Эспаньолды» басқарған, сондай-ақ «Стяуада» еңбек еткен. Айта кетейік, Гылкэ бұған дейін де қазақстандық футболмен таныс болған: 2014 жылы бухаресттік клубтың бас бапкері ретінде ол Ақтөбеге УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчына келіп, кездесу 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.

Айта кетейік, «Елімай» Карповичтің кеткенін чемпионат мәресіне жетер сәтте жариялады. ҚПЛ-2026 маусымының қорытынды матчын семейлік клуб 31 қазанда өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы өткізеді.

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз