Самат Смақов «Атыраумен» келісімшартты ұзартуға келісті

«Атыраудың» бас бапкері Самат Смақов клуб басшылығымен келісімшарт мерзімін ұзарту туралы мәмілеге келді және келесі жылы командамен жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ASnews.kz

Самат Смақов «Атыраумен» келісімшартты ұзартуға келісті
Самат Смақов

«Атыраудың» бас бапкері Самат Смақов клуб басшылығымен келісімшарт мерзімін ұзарту туралы мәмілеге келді және келесі жылы командамен жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Бапкер келесі маусымға қажетті футболшыларды тарту бойынша жұмысты бастап кетті.

Еске салайық, ҚПЛ-2026 маусымының қорытынды 30-турында Смақовтың командасы сырт алаңда жезқазғандық «Ұлытауды» 3:0 есебімен ұтып, Қазақстан премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.

47 жастағы маман «Атырауды» 2026 жылдың тамыз айында тізгіндеген. Бұған дейін ол «Жетісу» мен «Елімайды» жаттықтырды. Аяқталған маусымның қорытындысы бойынша «Атырау» 30 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады. Ал ҚПЛ-мен талдықорғандық «Жетісу» (27 ұпай) мен қызылордалық «Қайсар» (25 ұпай) қоштасты.

Андрей Карпович пен Федор Симинидиді «Ақтөбеге» бару қызықтырып отыр

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз