«Шахтер» академиясы құрылысының аяқталу мерзімі белгілі болды

Қарағандылық «Шахтердің» жаңа оқу-жаттығу орталығының пайдалануға берілетін нақты мерзімі жарияланды. Заманауи футбол академиясы толықтай дайын болып, 2027 жылдың қазан айында өз есігін айқара ашады деп күтілуде, деп хабарлайды ASnews.kz

«Шахтер» академиясы құрылысының аяқталу мерзімі белгілі болды
«Шахтер» ФК

Қарағандылық «Шахтердің» жаңа оқу-жаттығу орталығының пайдалануға берілетін нақты мерзімі жарияланды. Заманауи футбол академиясы толықтай дайын болып, 2027 жылдың қазан айында өз есігін айқара ашады деп күтілуде, деп хабарлайды ASnews.kz.

Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан спорт кешені болып табылады. Аумағы 9,61 гектарды құрайтын жерде мынадай нысандар орналасады:

  • сыйымдылығы 3500 көрерменге арналған стадион;

  • жыл бойы жаттығуға арналған жабық манеж және жылыту жүйесі бар алаң;

  • ұлдар мен қыздарға арналған интернат;

  • оқу сыныптары, жаттығу залдары, бассейні және медициналық блогы бар толыққанды әкімшілік-тұрмыстық кешен.

Еске сала кетейік, қарағандылық «Шахтер» келесі маусымда Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетеді.

«Шахтер» еуропалық клубтардың бұрынғы ойыншысымен келіссөздер жүргізуде

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз