«Шахтер» еуропалық клубтардың бұрынғы ойыншысымен келіссөздер жүргізуде
Қазақстан премьер-лигасына оралған қарағандылық «Шахтер» ұлттық құрама мен «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Георгий Жуковқа қызығушылық танытуда, деп хабарлайды ASnews.kz

Қазақстан премьер-лигасына оралған қарағандылық «Шахтер» ұлттық құрама мен «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Георгий Жуковқа қызығушылық танытуда, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, «кеншілердің» басшылығы 31 жастағы футболшыға келесі маусымнан бастап ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынған. Жуковтың «Ақтөбемен» қазіргі келісімі осы жылдың соңында аяқталады, бұл оған еркін агент мәртебесінде ауысуға мүмкіндік береді. Алайда келіссөздер барысы қаржылық жағдайларға байланысты қиындауы мүмкін: қарағандылық клубта басшылық аса алмайтын жалақының белгіленген шегі бар.
Осы маусымда жартылай қорғаушы барлық додада «ақ-қызылдар» сапында 22 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Футболшының нарықтық құны 350 мың еуроға бағаланады. Жуков «Ақтөбеге» 2025 жылдың жазында қосылған болатын.
Әртүрлі жылдары жартылай қорғаушы бельгиялық «Беерсхот» пен «Стандард», нидерландтық «Рода», ресейлік «Урал», польшалық «Висла» (Краков) мен «Пуща» (Неполомице), сондай-ақ қытайлық «Цанчжоу Майти Лайонс» клубтарының намысын қорғады.
Елордалық «Астана» сапында өнер көрсете жүріп, Жуков екі рет Қазақстан чемпионы атанды (2014, 2015), ал алматылық «Қайраттың» сапында екі мәрте ел Кубогын жеңіп алды (2017, 2018).
«Сәтпаевқа үлгі болады»: «Бернли» бапкері Джейми Вардидің алдағы дебюті туралы
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
