Стас Покатилов «Манчестер Юнайтедке» қарсы ЧЛ матчына «Сабахты» капитандық белгімен шығады

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші туры аясында ағылшындық «Манчестер Юнайтедке» қарсы «Олд Траффорд» стадионында әзербайжандық «Сабахты» капитандық таңғышпен бастап шығады

Стас Покатилов «Манчестер Юнайтедке» қарсы ЧЛ матчына «Сабахты» капитандық белгімен шығады
Стас Покатилов

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші туры аясында ағылшындық «Манчестер Юнайтедке» қарсы «Олд Траффорд» стадионында әзербайжандық «Сабахты» капитандық таңғышпен бастап шығады, деп хабарлайды ASnews.kz.

  • «Манчестер Юнайтед» (бас бапкер – Майкл Каррик): Ламменс (Қ), Мазрауи, Лисандро Мартинес, Йоро, Доргу, Майну, Тилеманс, Бруну Фернандеш (К), Мбемо, Матеус Кунья, Шешко.

  • «Сабах» (бас бапкер – Вальдас Дамбраускас): Покатилов (Қ, К) – Маккарти, Дашдамиров, Рахмоналиев, Нвачукву, Пэррис, Лепиньица, Микельс, Симич, Пухач, Зедадка.

«Манчестер Юнайтед» пен «Сабах» матчының тікелей көрсетілімі 10-нан 11 қыркүйекке қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады және оны Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады. Айта кетейік, бұған дейін бұл командалар өзара ешқашан кездеспеген.

«Манчестер Юнайтед» жаңа маусымның басында тұрақтылық танытпай, АПЛ-дың үш матчында небәрі төрт ұпай жинады. Соңғы ойында Майкл Карриктің шәкірттері «Эвертонмен» тең түсті (2:2).

Ал «Сабах» негізгі еурокубоктың жалпы кезеңіне іріктеудің өте қиын кезеңдерінен өтіп жетті. Негізгі раундқа барар жолда әзербайжандық ұжым кезекпен уэльстік ТНС (4:1), финдік КуПС (3:0), даниялық «Орхус» (5:2) және израильдік Беэр-Шеваның «Хапоэлін» (қосымша уақытта 6:4) жарыс жолынан шығарды. Англияға сапары алдындағы соңғы матчында қақпасында Покатилов тұрған «Сабах» ішкі біріншілікте 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті.

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз