Танымал сұрмерген ҚПЛ-ды Беларусь чемпионатынан жоғары қойды
«Каспий» шабуылшысы Павел Седько ASnews.kz басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен Беларусь чемпионаттарының деңгейін салыстырды

«Каспий» шабуылшысы Павел Седько ASnews.kz басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен Беларусь чемпионаттарының деңгейін салыстырды.
«Турнирлік кестенің жоғарғы бөлігін алатын болсақ, деңгейлері шамалас: екі біріншілікте де чемпиондыққа үш-төрт команда таласады. Бірақ кестенің ортасы мен төменгі жағын салыстырсақ, Қазақстан чемпионаты мықтырақ», – деді 28 жастағы ойыншы.
Беларусь құрамасының вингері Павел Седько «Каспий» сапына осы жылдың маусым айында ауысты. Ақтаулық клуб құрамында ол төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Бұған дейін футболшы «Торпедо-БелАЗ» және павлодарлық «Ертіс» клубтарында өнер көрсеткен.
Айта кетейік, Беларусь жоғары лигасы ойыншыларының жиынтық нарықтық құны 72,78 млн еуроға бағаланса, ҚазақстанпПремьер-лигасының көрсеткіші 93,30 млн еуроны құрайды.
Жас қазақстандық футболшы мансабын «Галатасарайда» жалғастырады
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
