«Тобыл» 2026 жылғы маусымда алаңға шықпаған легионер алдындағы қарызын өтеді
Қостанайлық «Тобыл» Беларусь құрамасының шабуылшысы Николай Сигневич алдындағы берешегін толық өтеді, деп хабарлайды ASnews.kz.

Қостанайлық «Тобыл» Беларусь құрамасының шабуылшысы Николай Сигневич алдындағы берешегін толық өтеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Sports24.kz мәліметінше, 2026 жылдың басында клубпен қош айтысқан Сигневич командада ойнамағанына қарамастан, жалақы алып келген.
34 жастағы футболшымен келісімшарттың тоқтатылғанын клуб қаңтар айында ресми түрде жариялаған. Сол кезде Сигневичтің отбасылық жағдайына байланысты Беларуське қайтқаны айтылған болатын.
Sports24.kz «Тобыл» клубына арнайы сауал жолдап, Сигневичтің командадан кеткеннен кейін де қандай негізде төлем алып келгенін түсіндіруді сұраған.
Ал футболшының анасы Светлана Сигневич өткен жылдың 20 қарашасында «Зафутболье» YouTube арнасына берген сұхбатында ұлының «Тобылмен» келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды екенін айтқан болатын.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
