«Тобыл» қазақстандық қақпашымен келісімшартты ұзартпақ
Қостанайлық «Тобыл» 26 жастағы қақпашы Данил Устименкомен еңбек шартын ұзарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz

Қостанайлық «Тобыл» 26 жастағы қақпашы Данил Устименкомен еңбек шартын ұзарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Биылғы маусымда Устименко қостанайлықтар сапында барлық турнирлерде 19 матч өткізді.
Еске салайық, тамыз айында қақпашыны өз қатарына қосуға самаралық «Крылья Советов» клубы қызығушылық танытқан болатын.
Айта кетейік, ойыншының трансферлік құны 350 мың еуроға бағаланып отыр. Сондай-ақ, Устименконың еншісінде 2024 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізген бір ойыны бар.
Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» көшуге жақын
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
