Төреші 10 миллион алған: оны детектормен тексерді
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) премьер-лиганың биылғы маусымындағы жосықсыз төрешілерге және бірқатар күмәнді ойындарға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) премьер-лиганың биылғы маусымындағы жосықсыз төрешілерге және бірқатар күмәнді ойындарға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
ҚФФ бірнеше арбитрдің полиграфтан өтіп, қауіпсіздік және интегрити қызметінің сұрақтарына жауап бергенін мәлімдеді. Олардың қатарында ҚПЛ-дың 17-туры аясындағы ойыннан кейін 10 млн теңге көлемінде сыйақы алды деген күдікке ілінген төреші де бар.
Алдағы уақытта ҚФФ арбитрлерді арнайы құрылғы арқылы тексеруді жалғастырады. Кейбір төрешілер қатаң жазаланып, алдағы жұмысынан мүлдем шеттетіледі деп күтілуде.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

ҚПЛ чемпионы легионерімен қоштасады

Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін

Григорий Лория деген кім: өмірбаяны, «Қызылжар» және Давид Лорияның әкесі

АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
