Белгілі блогер Қазақстан құрамасының ойыншыларын есектерге теңеді
Қазақстандық кәсіпкер әрі блогер Әділ Тасболатов экс-бас бапкер Магомед Адиевтің жетекшілігімен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сәтті өнер көрсету себептері туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz

Қазақстандық кәсіпкер әрі блогер Әділ Тасболатов экс-бас бапкер Магомед Адиевтің жетекшілігімен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сәтті өнер көрсету себептері туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Ресейлік маманның командаға қандай «кілт» тапқаны туралы ой қозғаған Тасболатов жағдайлардың сәтті сәйкес келуі мен мықты футболшылар буынының болғанын атап өтіп, өз ойын теңеумен жеткізді.
«Мотивациясы бар есек бәрібір тұлпардай болмас. Адиев құрамда көп нәрсе жасады, құрамада топ-ойыншылар болды, бәрі сәтті үйлесті. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары, өтініш, әлем немесе Еуропа чемпионатына шығыңыздаршы», – деді Тасболатов.
Еске сала кетейік, Магомед Адиевтің бапкерлік еткен кезеңі (2022–2024) Қазақстан құрамасы тарихындағы ең табысты уақыт болды (21 матчта 11 жеңіс). Команда Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды, Еуро-2024 іріктеу кезеңінде рекордтық 18 ұпай жинады.
Қазіргі уақытта ұлттық құраманы нидерландылық маман Джон ван 'т Схип жаттықтырады. 26 қыркүйекте құрама Ұлттар лигасының жаңа маусымында (С дивизионы) Фарер аралдарына қарсы матчпен жарысты бастайды. Сондай-ақ қазақстандықтар Словакия және Молдова құрамаларына қарсы ойнайды.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчы аясында Кишиневке жетті

«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа аттану жоспары белгілі болды

«Жеңіске жетеміз»: Молдова құрамасында Қазақстанға қарсы матчтағы мақсат айтылды
