Бес сатыға төмен сырғыдық: Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны белгілі болды
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымы аясында үш матч өткізгеннен кейін ФИФА рейтингіндегі позициясын нашарлатып алды, деп хабарлайды ASnews.kz.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымы аясында үш матч өткізгеннен кейін ФИФА рейтингіндегі позициясын нашарлатып алды, деп хабарлайды ASnews.kz.
3 қазандағы мәліметке сәйкес, қазір ұлттық құрама рейтингте 111-орыннан 116-орынға түсіп кетті.
Джон ван’т Схиптің командасы осы халықаралық үзіліс кезінде Фарер аралдарымен тең ойнап (1:1), Словакия (1:2) және Молдовадан (1:2) ұтылып қалды.
Ал топтағы қарсыластарымызға келсек, Словакия сол баяғы 45-орынын сақтап қалса, Фарер аралдары екі саты төмен сырғып, 125-орынға жайғасты. Ал кеше Қазақстанды жеңген Молдова құрамасы екі саты жоғары көтеріліп, 157-орынға табан тіреді.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы өткізеді. Әзірге еліміздің басты командасы бір ұпаймен өз тобында ең соңғы орында келеді.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчы аясында Кишиневке жетті

«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа аттану жоспары белгілі болды

«Жеңіске жетеміз»: Молдова құрамасында Қазақстанға қарсы матчтағы мақсат айтылды
