Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео
«Барселона» вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасына екі билет пен қолтаңбасы бар бутсыларын сыйға тартып, бұл ретте Қазақстан мен Әзірбайжанды шатастырып алды, деп хабарлайды ASnews.kz

«Барселона» вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасына екі билет пен қолтаңбасы бар бутсыларын сыйға тартып, бұл ретте Қазақстан мен Әзірбайжанды шатастырып алды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Сыйлықты кімге беретінін ойлана келе, жас футболшы күтпеген жерден мынадай сөздерді айтты:
«Қазақстанға берер едім, Қазақстанға барсын», – деді ойыншы.
Алайда бар гәп мынада – «көгершіндер мен көкшілдердің» қарсыласы Қазақстаннан емес, Әзірбайжаннан. 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы әзербайжандық «Сабах» пен испаниялық «Барселона» арасындағы матч 2026 жылдың 25 қарашасында Баку қаласында өтеді.
Күлкілі оқиға түсірілген видео Ламин Ямальдың ресми YouTube-арнасында жарияланды.
Әзербайжандық «Сабах» пен испаниялық «Барселона» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы жалпы кезеңінің матчы 2026 жылдың 25 қарашасында Баку қаласында өтеді.
Айта кетсек, «Сабах» клубының капитаны – Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты

Қазақстандық футболшы Холандтың командасында алғашқы ассист жасады
