Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Бразилиялық «Сантос» клубының капитаны әрі жартылай қорғаушысы Неймар футболдағы мансабын аяқтау туралы ойымен бөлісіп, өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді. Сондай-ақ болашақ жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы ASnews.kz RMC Sport басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Неймар

Бразилиялық «Сантос» клубының капитаны әрі жартылай қорғаушысы Неймар футболдағы мансабын аяқтау туралы ойымен бөлісіп, өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді. Сондай-ақ болашақ жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы ASnews.kz RMC Sport басылымына сілтеме жасап хабарлады.

34 жастағы футболшы өзінің физикалық жағдайы мен кәсіби мансабына қатысты ашық пікір білдірді.

«Кәсіби түрде тағы бес-алты жыл ойнай аламын ба? Жоқ», – деді бразилиялық.

Сондай-ақ ол жиі жарақат алатыны үшін өзін сынайтындарға да жауап қатты.

«Егер сенің тізең менікіндей болса, мені түсінер едің», – деді Неймар.

Бұдан бөлек, футболшы үлкен футболдан кеткеннен кейінгі жоспарымен де бөлісті.

«Мен Kings League турнирінде ойнағым келеді. Оған 2030 жылы қатысамын», – деді ол.

2026 жылғы Бразилия чемпионатында «Сантос» капитаны мүмкін болған 34 матчтың 15-не қатысып, сегіз гол соқты, үш нәтижелі пас берді.

Неймардың «Сантоспен» келісімшарты 2026 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 8 миллион еуроға бағалап отыр.

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз