«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды
Алматылық «Қайраттың» шотландиялық экс-жартылай қорғаушысы Стюарт Дафф «Абердин» клубының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ASnews.kz британиялық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Алматылық «Қайраттың» шотландиялық экс-жартылай қорғаушысы Стюарт Дафф «Абердин» клубының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ASnews.kz британиялық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шотландия премьер-лигасы өкілінің басшылығы бас бапкер Стивен Робинсонмен және оның ассистенттерімен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады. Клуб жаңа маман іздестіріп жатқан уақытта бірінші команданың жаттығу процесіне уақытша 44 жастағы Стюарт Дафф басшылық етеді.
Айта кетейік, Дафф 2011–2012 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Шотландиялық хавбек «сары-қаралар» сапында барлық турнирде 57 матч өткізіп, өзінің еншісіне бір гол мен үш нәтижелі пас жазды. «Абердиннің» түлегі әрі экс-ойыншысы мансабында «Инвернесс», «Данди Юнайтед» және бірқатар басқа да шотландиялық клубтардың намысын қорғаған.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты

Қазақстандық футболшы Холандтың командасында алғашқы ассист жасады
