Қазақстан құрамасы мен оның қарсыластарының ойыншылары қайда өнер көрсетеді

Extra:Time Telegram-арнасы Ұлттар лигасының алдағы матчтарына арналған Қазақстан, Словакия, Фарер аралдары және Молдова ұлттық құрамаларының өтінімдеріне салыстырмалы талдау жариялады, деп хабарлайды ASnews.kz

Қазақстан құрамасы мен оның қарсыластарының ойыншылары қайда өнер көрсетеді
Словакия ұлттық құрамасы

Extra:Time Telegram-арнасы Ұлттар лигасының алдағы матчтарына арналған Қазақстан, Словакия, Фарер аралдары және Молдова ұлттық құрамаларының өтінімдеріне салыстырмалы талдау жариялады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Статистика ішкі біріншіліктерде, шетелдік лигаларда және Еуропаның топ-5 чемпионатында (Англия, Испания, Италия, Германия, Франция) өнер көрсететін футболшылардың арақатынасын көрсетеді.

Словакия (30 ойыншы)

  • Жергілікті чемпионат: 5 (16,7%)

  • Шетелдік лигалар: 25 (83,3%)

  • Топ-5 лига: 14 (Англия – 4, Италия – 4, Германия – 3, Испания – 2, Франция – 1)

Фарер аралдары (23 ойыншы)

  • Жергілікті чемпионат: 10 (43,5%)

  • Шетелдік лигалар: 13 (56,5%)

  • Топ-5 лига: 1 (Андриас Эдмундссон, «Верона», Италия)

Молдова (25 ойыншы)

  • Жергілікті чемпионат: 9 (36%)

  • Шетелдік лигалар: 16 (64%)

  • Топ-5 лига: 1 (Сергей Перчун, «Асколи», Италия)

  • Молдова құрамасының сапында легионерлер саны ішкі турнир ойыншыларынан көп.

Қазақстан (30 ойыншы)

  • Жергілікті чемпионат (ҚПЛ): 25 (83,3%)

  • Шетелдік лигалар: 5 (16,7%)

  • Топ-5 лига: 0

  • Өтінімнің негізгі бөлігі Қазақстан премьер-лигасының өкілдерінен жасақталған.

Қорытынды салыстыру (жергілікті чемпионат / легионерлер / топ-5 лига):

  • Словакия: 5 / 25 / 14

  • Фарер аралдары: 10 / 13 / 1

  • Молдова: 9 / 16 / 1

  • Қазақстан: 25 / 5 / 0

«Қазақстанды менсінбеуге болмайды»: АПЛ-дың словакиялық экс-қорғаушысы – Ұлттар лигасының матчы туралы

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз