Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчына Словакияға келді: толығырақ
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының кезекті матчына қатысу үшін Кошицеге (Словакия) ұшып келді, деп хабарлайды ASnews.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының кезекті матчына қатысу үшін Кошицеге (Словакия) ұшып келді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футболшылар мен бапкерлер штабы мінген чартерлік ұшақ С дивизионының бірінші туры аясындағы Фарер аралдарына қарсы ойыннан (1:1) кейін бірден Вагар – Кошице бағыты бойынша ұшып шықты. Қашықтығы 2310 шақырымды құрайтын бағыт бойынша ұшу 2 сағат 50 минутқа созылды. Қазақстандық делегация Словакияға жергілікті уақытпен сағат 02:20-да аман-есен жетті.
Еске сала кетейік, Словакия құрамасына қарсы екінші тур матчы 29 қыркүйекте Кошицедегі футбол аренасында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады.
«Ауа райы да, алаң да қиын болды»: Қазақстан құрамасының дебютанты Фарердегі тең ойын туралы
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчы аясында Кишиневке жетті

«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа аттану жоспары белгілі болды

«Жеңіске жетеміз»: Молдова құрамасында Қазақстанға қарсы матчтағы мақсат айтылды
