Қазақстан құрамасының қорғаушысы: Молдоваға қарсы агрессивті футбол жетіспеді
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Наурызбек Жагоров Фарер аралдарына қарсы Ұлттар лигасының матчы алдындағы дайындық барысымен бөлісіп, Молдовадан ұтылған ойынға пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Наурызбек Жагоров Фарер аралдарына қарсы Ұлттар лигасының матчы алдындағы дайындық барысымен бөлісіп, Молдовамен болған ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз. Соңғы матчтардағы нәтижелер көңілімізден шықпайды. Ертең жанкүйерлерді қуантып, қажетті нәтижеге жету үшін бар күшімізді саламыз.
Молдоваға қарсы ойында бізге агрессивті футбол жетіспеді. Екінші тайм басталғанда бұрыштамадан жылдам гол өткізіп алдық. Сосын өз ойынымызды тапқандай болып, шабуылға көбірек шықтық, қауіпті сәттер жасадық. Бірақ ойынды құтқаруға уақыт жетпеді.
Фарер аралдарының өз ерекшеліктері бар. Ертең күреске толы ойын болады деп күтіп отырмыз. Барлығына дайынбыз және өз ойынымыздан айнымаймыз», – деді Жагоров.
Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының матчы 6 қазанда Астанада өтеді. Бұған дейін Джон ван ’т Схип шәкірттері өз алаңында Молдоваға 1:2 есебімен жол берген болатын.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы ауыр жарақатқа байланысты маусым соңына дейін қатардан шықты
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчы аясында Кишиневке жетті

«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа аттану жоспары белгілі болды

«Жеңіске жетеміз»: Молдова құрамасында Қазақстанға қарсы матчтағы мақсат айтылды
