ҚФФ экс-басшысы Молдовадан жеңілу туралы: ойыншылардың жанкештілігіне сұрақ жоқ
ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің бұрынғы директоры және QFL президенті Ғани Қайназаров ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттар лигасында Молдованы жеңу үшін Қазақстанға уақыт жетпей қалғанын мәлімдеді (1:2).

ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің бұрынғы директоры және QFL президенті Ғани Қайназаров ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттар лигасында Молдованы жеңу үшін Қазақстанға уақыт жетпей қалғанын мәлімдеді (1:2).
«Әрине, құрама матчтарын қарап отырамын. Футболшылардың жанкештілігіне қатысты ешқандай сұрағым жоқ: жігіттер тырысты, гол соқты, бірақ, өкінішке қарай, есепті теңестіріп, камбэк жасауға уақыт жетпеді. Команданың ішінде болмағандықтан, Ван ’т Схиптің кінәсі қаншалықты екенін айту қиын», – деді 56 жастағы функционер.
Еске сала кетейік, Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясындағы матчта Қазақстан құрамасы соңғы рет 2024 жылы жеңіске жеткен Молдоваға есе жіберді. Нидерландылық маман Джон ван ’т Схиптің командасы Словакия және Фарер аралдарымен бір квартетте соңғы орынға сырғыды.
Ғани Қайназаров кезінде футболшы ретінде Қазақстан намысын қорғаған. Оның ҚФФ ұлттық құрамалар департаментіндегі басшылығымен команда тарихи нәтижелер көрсетіп, оның шарықтау шегі ФИФА рейтингіндегі рекордтық 83-орын болған еді.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчы аясында Кишиневке жетті

«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа аттану жоспары белгілі болды

«Жеңіске жетеміз»: Молдова құрамасында Қазақстанға қарсы матчтағы мақсат айтылды
