«Қызылжардың» фарерлік ойыншысы: Астанада Қазақстанға қарсы ойнау – ерекше оқиға
Петропавлдық «Қызылжар» мен Фарер аралдары ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Йоаннес Бьорталид матч алдындағы баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы ойыннан күтетін үміттерімен бөлісіп, ҚПЛ-дағы тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ASnews.kz

Петропавлдық «Қызылжар» мен Фарер аралдары ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Йоаннес Бьорталид матч алдындағы баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы ойыннан күтетін үміттерімен бөлісіп, ҚПЛ-дағы тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ертең тең дәрежедегі ойын күтеміз, Қазақстан – жақсы команда. Біздің топ өте тығыз, сондықтан ертең қиын матч болады. Әрине, жергілікті ойыншылар мен стадион туралы аздап білемін. Бұл – еңбекқор команда, Торсхавндағыдай ауыр ойын күтіп тұр. Мұнда жақсы стадион және сапалы жасанды алаң бар. Біз мұндай жағдайда ойнауға үйреніп қалғанбыз, сондықтан бұл бізге ешқандай кедергі келтірмейді», – деп атап өтті футболшы.
Сондай-ақ Бьорталид жаңа елдегі өмірі мен мансабы туралы әсерімен бөлісті:
«Қазақстанда Қазақстан құрамасына қарсы ойнау – мен үшін ерекше оқиға. Мұнда өнер көрсету мен үшін қызықты, жаңа оқиғаға айналды. Арақашықтықтарға байланысты сәл қиындықтар бар, өйткені Қазақстан Фарер аралдарынан 2000 есе үлкен. Бірақ, жиі ұшуларға қарамастан, мен бұдан ләззат аламын».
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының матчы 6 қазанда Астанада өтеді. Йоаннес Бьорталид Қазақстан Премьер-лигасында петропавлдық «Қызылжар» сапында өнер көрсететіндіктен, жергілікті чемпионат пен елдегі футбол инфрақұрылымымен жақсы таныс.
Фарердың бас бапкері – Қазақстанға қарсы ойын туралы: жеңіс не тең ойынға көнеміз
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчы аясында Кишиневке жетті

«Араласпа деді»: футзал ассоциациясының президенті – Беларусьтен жеңілу туралы

Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы матчқа аттану жоспары белгілі болды

«Жеңіске жетеміз»: Молдова құрамасында Қазақстанға қарсы матчтағы мақсат айтылды
