Словакияда Қазақстан құрамасын қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды

Ұлттар лигасы С дивизионының екінші туры аясында Словакия құрамасы Қазақстан ұлттық командасын қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz

Словакияда Қазақстан құрамасын қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды

Ұлттар лигасы С дивизионының екінші туры аясында Словакия құрамасы Қазақстан ұлттық командасын қабылдайды, деп хабарлайды ASnews.kz.

Кошицедегі трибуналарда қазақстандық құрамаға 250-ге жуық адам қолдау көрсетеді деп күтілуде. Жанкүйерлер өз командасына стадионнан тікелей қолдау көрсету үшін Еуропаның түкпір-түкпірінен келген. Айта кетейік, Фарер аралдарында өткен алдыңғы сырт алаңдағы ойында командаға Қазақстаннан барған төрт жанкүйер қолдау көрсетті, сондай-ақ оларға көршілес Қырғызстаннан келген фанаттар да қосылған болатын.

Бірінші турдың нәтижелерін еске сала кетейік: Қазақстан құрамасы турнирді Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы тең ойынмен (1:1) бастады, ал Словакия өз алаңында Молдова командасын 2:0 есебімен сенімді түрде ұтты.

Словакия—Қазақстан матчы бүгін, 29 қыркүйекте «Кошице футбол аренасында» өтеді. Бастапқы ысқырық Астана уақытымен 23:45-те естіледі.

«Қазақтар Словакияға қарсы лайықты өнер көрсетеді»: Молдова құрамасының бұрынғы футболшысының болжамы

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз