«Әзірге қауіп жоқ»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлидегі» жұмысын жалғастырады
Ағылшындық «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен команданың Чемпионшиптегі өте сәтсіз бастамасына қарамастан, жақын арада қызметінен босатылмайды

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен команданың Чемпионшип маусымын өте нашар бастағанына қарамастан, жақын арада қызметінен босатылмайды. Бұл туралы ASnews.kz танымал TurfCast жанкүйерлер ресурсының мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Дереккөздің мәліметінше, қазіргі таңда 46 жастағы бельгиялық маманның қызметіне «қауіп төніп тұрған жоқ сияқты». Клуб басшылығы әзірге радикалды қадамдарға баруды жоспарлап отырған жоқ және халықаралық үзіліс кезінде бапкерге жағдайды түзеу үшін уақыт беруге дайын.
«Бернли» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев жалға алу құқығымен өнер көрсетеді. Чемпионшиптің алғашқы сегіз турынан кейін Хайен бастаған команда бірде-бір рет жеңіске жетпей, төрт ұпаймен турнир кестесін түйіндеп тұр (24-орын). Қазақстандық форвард клуб сапында төрт ресми матч өткізіп үлгерді.
«Бәрін түзей аламын»: Сәтпаевтың бапкері «Бернлиден» кету қаупі жайлы
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
