«Бешикташ» пен «Аланьяспордың» қазақстандық футболшылары Түркияда бір-біріне қолдау көрсетіп жүр
«Аланьяспор» академиясының 17 жастағы қорғаушысы Диярхан Қарабалинов ASnews.kz басылымына берген сұхбатында Түркияда Аламгир Смаковпен қалай танысқаны туралы айтып берді

«Аланьяспор» академиясының 17 жастағы қорғаушысы Диярхан Қарабалинов ASnews.kz басылымына берген сұхбатында Түркияда Аламгир Смаковпен қалай танысқаны туралы айтып берді.
«Мен негізгі құрамда шығып, алаңда 65 минут өнер көрсеттім. «Бешикташтың» елдегі ең үздік командалардың бірі екенін ескерсек, матч өте ауыр болды. Дегенмен, қос ұжымның күші тең түсті.
Аламгирмен ойын алдында таныстық: байланыс нөмірлерімізді алмасып, араласып тұратын болдық. Ол – өте жақсы, ақылды футболшы. Жиі кездесіп, әрине, байланысты үзбейміз», – деді Қарабалинов.
Түркия жастар чемпионатының екінші туры аясында өткен «Аланьяспор» мен «Бешикташ» арасындағы кездесу 0:2 есебімен Ыстанбұл клубының пайдасына аяқталды. Ойындағы голдардың бірін «Қайраттың» түлегі Аламгир Смаков соқты.
Диярхан Қарабалинов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Аланиялық клубқа ауысқанға дейін қаптал қорғаушысы «Astana Junior» сапында өнер көрсеткен, онда оның командаластары Әлижан Юн («Эльче») және Кәрім Меңдіқанов («Барселона») болған еді.
Жас қазақстандық футболшы мансабын «Галатасарайда» жалғастырады
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
