Британиялық БАҚ Дастан Сәтпаевтың «Бристоль Ситиге» қарсы ойында «Бернлидің» негізгі құрамында шығатынын болжады

Британиялық Burnley Express басылымы Чемпионшиптің бесінші турындағы «Бристоль Ситиге» қарсы матчқа арналған «Бернлидің» болжамды негізгі құрамын жариялады

Британиялық БАҚ Дастан Сәтпаевтың «Бристоль Ситиге» қарсы ойында «Бернлидің» негізгі құрамында шығатынын болжады
Дастан Сәтпаев

Британиялық Burnley Express басылымы Чемпионшиптің бесінші турындағы «Бристоль Ситиге» қарсы матчқа арналған «Бернлидің» болжамды негізгі құрамын жариялады.

Журналистердің пікірінше, 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ойынды алғашқы минуттардан бастап, «бордолықтардың» шабуылына жетекшілік етеді, деп хабарлайды ASnews.kz.

Шолушы Мэтт Скрафтон «Мидлсброға» (1:1) қарсы өткен соңғы кездесудегі форвард Андреас Утонжидің солғын ойынынан кейін «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен классикалық таза шабуылшысыз гибридті шабуыл шебін қолдануға бейім екенін атап өтті. Мұндай тактикалық сызбада дәл Сәтпаев шабуыл өтіндегі негізгі фигура ретінде қарастырылады.

Басылымның мәліметінше, шабуыл тобында қазақстандық ойыншыға Аарон Рэмзи, Якоб Бруун Ларсен және Ларджи Рамазани қолдау көрсететін болады.

Чемпионшиптің бесінші туры аясындағы «Бернли» мен «Бристоль Сити» арасындағы матч бүгін, 5 қыркүйек күні «Терф Мур» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

18 жастағы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алу құқығымен өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта шабуылшы барлық турнирлерде команданың төрт ресми матчына қатысты (үш рет негізгі құрамда шықты). «Мидлсброға» қарсы соңғы ойынның (1:1) қорытындысы бойынша қазақстандық форвард матчтың үздік ойыншысы деп танылған болатын.

«Бәрін өзгерту үшін тек жеңіс керек»: «Бернли» бапкері – «Бристольмен» өтетін матч пен Сәтпаевтың бәсекелестері туралы

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз