Дастан Сәтпаев жарақат алды: қазақстандық футболшының қанша уақытқа қатардан шыққаны белгілі болды
«Бернли» сапында доп тебетін қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың неліктен «Бристоль Ситимен» болған ойынға қатыспағаны белгілі болды, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Бернли» сапында доп тебетін қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың неліктен «Бристоль Ситимен» болған ойынға қатыспағаны белгілі болды, деп хабарлайды ASnews.kz.
18 жастағы ойыншы сәрсенбі күні «Мидлсбромен» болған матчтан кейін сан бұлшықетінің ауырғанын аңғартқан еді.
Кешегі «Бристоль Ситиге» қарсы ойыннан кейін «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен қазақстандық футболшының жарақат алғанын растады.
«Иә, өкінішке орай, ол бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайды. Бұған дейін айтқанымдай, ол маусым алдындағы дайындықты толық өткізе алмады», – деді Хайен.
«Бернли» қазір үлкен кадрлық мәселелерге тап болды. Ники Хайен түрлі жарақаттарға байланысты Лукас Пирес, Луи Бейер, Башир Хамфрис, Джош Каллен, Энок Аги, Джейдон Банель және Эшли Барнсқа сенім арта алмайды.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
