Дастан Сәтпаевтың алаңға оралу мерзімі белгілі болды
Қазақстан құрамасы мен ағылшындық «Бернлидің» шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін жақын арада жаттығуын қайта бастайды, деп хабарлайды ASnews.kz.

Қазақстан құрамасы мен ағылшындық «Бернлидің» шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін жақын арада жаттығуын қайта бастайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
18 жастағы форвард алдағы бірнеше күнде алаңға оралады деп күтілуде. Қазақстандық ойыншы емін және оңалту процесін өзінің құқықтары тиесілі лондондық «Челси» базасында өткізді.
Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турындағы матчта Сәтпаев санының артқы бұлшықетінен жарақат алған болатын.
Келесі ойын 10 қазан күні сырт алаңда «Уотфордқа» қарсы жоспарланған.
Қазақстандық футболшы 2026 жылдың 12 тамызында «Челсимен» ресми түрде келісімшартқа отырып, 14 тамызда жалға алу құқығымен «Бернлиге» ауысты. Жаңа команда сапында шабуылшы төрт ойын өткізіп үлгерді: Чемпионшипте үш матч және Англия лигасының Кубогында бір кездесу.
Дереккөз: ASnews.kz
Тағы оқыңыз

Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Ламин Ямаль Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырып алды: видео

«Қайраттың» экс-ойыншысы британиялық клуб бас бапкері атанды

«Ұшып кетпеуіміз керек»: Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкері команданың жағдайы туралы айтты
