Ла Лига футболшысы Қазақстан құрамасына қосылуы мүмкін

«Вильярреал» академиясының 18 жастағы орталық қорғаушысы Роман Мартин ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанмен қандай байланысы бар екенін айтып берді

Ла Лига футболшысы Қазақстан құрамасына қосылуы мүмкін
Роман Мартин

«Вильярреал» академиясының 18 жастағы орталық қорғаушысы Роман Мартин ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанмен қандай байланысы бар екенін айтып берді.

«Шын мәнінде, жақын уақытқа дейін анам Қазақстан азаматы болды – бұл оның отаны. Өзім орысша түсінемін және аздап сөйлеймін, тек оқи және жаза алмаймын», – деп ағынан жарылды жас футболшы.

Сонымен қатар, Валенсия тумасы «сары сүңгуір қайық» жүйесіндегі тағы бір ойыншы Сәлім Хасановпен таныс. Вингер Қазақстанның U-17 құрамасында өнер көрсетеді:

«Әрине, Сәлім туралы көп естідім. Сондай-ақ Алдияр Нұрғалимен де жақсы қарым-қатынастамын», – деп қосты ол.

Айта кетейік, Роман Мартин осы жылдың қыркүйек айында «Левантеден» «Вильярреалға» ауысқан болатын. Ла Лиганың тоғызыншы командасы онымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

Бойшаң қорғаушы (196 см – еск.) жақында ғана УЕФА Жасөспірімдер лигасында «Боруссияға» (3:2) қарсы өткен матчта дебют жасады.

Шешен Витиньясы мен бразилиялық Абдала: шыққан тегі ерекше ҚПЛ ойыншылары

Дереккөз: ASnews.kz

Тағы оқыңыз